Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстандағы қандастар Қазақстанға жеткізілді

0
561

Кабулдан Алматыға арнайы рейспен 35 қандасымыз, 4 Қазақстан азаматы және БҰҰ-ның 1 қызметкері жеткізілді.


Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстандағы қандастар Қазақстанға жеткізілді

Ауғанстандағы қандастар елге жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бүгін Ауған елінде тұратын бір топ қазақ қандасымыз елімізге сәтті эвакуацияланды. Кабулдан Алматыға арнайы рейспен 35 қандасымыз, 4 Қазақстан азаматы және БҰҰ-ның 1 қызметкері жеткізілді. Президент дипломаттарымызға және игі істі ұйымдастыруға атсалысқан барлық ведомство қызметкерлеріне алғыс айтты», - деп жазды Берік Уәли.


ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы Кабулдан Алматы қаласының әуежайына 41 жолаушымен ұшып келді, олардың ішінде Қазақстанның 4 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын 1 ауған бар. Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланғаны айтылады.