Тоқаев Путинге көңіл айтты

0
358

Камчаткада ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапты.


Тоқаев Путинге көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын», – делінген Президенттің жеделхатында.