ТМД елдері арасында ең қымбат такси Қазақстанда тіркелген

0
393

Қазақстан ең қымбат 95 елдің ішінде 73-орынды иеленді.


ТМД елдері арасында ең қымбат такси Қазақстанда тіркелген

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Қазақстанда такси қызметін 13,9 миллион жолаушы пайдаланған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 4,9 пайызға аз, деп жазады inbusiness.kz.

Өңірлер бойынша такси қызметін жиі пайдаланған өңірлер анықталды.

"Алматыда 2,5 миллион адам, Астанада 1,5 миллион адам және Қарағанды облысында 1,1 миллион адам тасымалданған. Ең аз ресми такси қызметтері Жетісу (277 мың адам), Атырау (290,8 мың адам) және Алматы (306,5 мың адам) облыстарында тіркеліп отыр. Ресми деректерге сәйкес Қазақстанда такси тасымалдаудан түскен табыс былтырғы 1,4 миллиард теңгемен салыстырғанда 2 миллиард теңгеге жетті. Құндық мәндегі өсім 46,5 пайызға тең", - деп жазылған Ranking.kz мәліметінде.

2024 жылы наурыздың аяғында такси тарифтері айына 0,6 пайызға, ал жылына 12,3 пайызға қымбаттаған.

Numbeo дерегінше, таксимен жүру құны орташа есеппен бір шақырым үшін 0,67 доллар болды. Бұл үшін ең қымбат 95 елдің ішінде 73-орынды иеленді. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары баға рейтингіне енгізіліп тұр.