Теңіз вахталық кенті: бір адам кісі қолынан қаза болды

0
341

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


Теңіз вахталық кенті: бір адам кісі қолынан қаза болды

ERNUR.KZ. Қаңтардың 16-сынан 17-сіне қараған түні Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық кентінде адам өлтіру оқиғасы орын алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«ТШО» ЖШС баспасөз қызметі растағандай, «Bonatti» компаниясының екі қызметкері арасында жанжал шыққан. Салдарынан 41 жастағы ер адам пышақ жарақатынан сол жерде көз жұмған. 50 жастағы күдікті қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.