Теміртауда дүкен қалай жарылды – ішінде болған куәгер оқиғаның мән-жайын айтты

0
444

Жарылысының ықтимал себебі белгілі болды.


Теміртауда дүкен қалай жарылды – ішінде болған куәгер оқиғаның мән-жайын айтты

ERNUR.KZ. Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті Теміртауда дүкен жарылысының алдын ала себебін жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Бүгін таңғы сағат 08.06-да екі қабатты дүкен ғимаратында газ жарылды. Салдарынан сауда орнының ғимараты толығымен қирады. Үйінді астынан екі әйел шығарылды. Біреуі қайтыс болды. Ал аман қалған әйел оқиғаның мән-жайын айтып берді.
"Ол дүкенге кіріп, шақпақ сатып алғаны және тексеру мақсатында тұтатқаны анықталды. Осы кезде 2-3 секунд ішінде жарылыс дауысы естіліп, құрылыстар қираған. Осыған байланысты газ-ауа қоспасының жарылу нұсқасы қарастырылады", - дейді құтқарушылар.
Дүкенде жылыту жүйесі газбен істеп тұрған. Ал бірінші қабатта гараж болды. Сонда тұрған "Газель" газбен жабдықталған. Бірақ газ қондырғысы зақымданбаған.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 292-бабы, 2-бөлігімен (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.