Tele2/Altel арқасында Қазақстан желі жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте жоғары нәтиже көрсетті

0
855

Speedtest сервисін жасаушылар Қазақстанда мобильді жүктеу жылдамдығы 61%- ға жақсарғанын алға тартты.


Tele2/Altel арқасында Қазақстан желі жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте жоғары нәтиже көрсетті

ERNUR.KZ. Желілік аналитика саласындағы әлемдік көшбасшы Ookla компаниясы 2023 жылдың соңғы тоқсаны бойынша есеп беріп, онда еліміздің негізгі операторлары мен қазақстандық интернеттің мықты жақтарын атады. Осы ретте әлемдік көрсеткіште еліміздің жақсы нәтижеге жетуіне өз үлесін қосқан Tele2 барлық операторлар арасында ең жоғары Consistency Score көрсеткішінде 85,3%-ға жетті, деп жазады stan.kz.

Speedtest сервисін жасаушылар Қазақстанда мобильді жүктеу жылдамдығы 61%- ға жақсарғанын алға тартты. Айтуларынша, 2022 жылдың желтоқсанында орташа жылдамдық 21,29 Мбит/с-қа тең болса, 2023 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш 35,07 Мбит/с-қа жеткен. Нәтижесінде еліміз Speedtest™ жаһандық индексінде 95-тен 72-ші орынға дейін көтеріліп, көрші Орталық Азия елдерінен озып түсті.

Бұл жетістікке жетуде Tele2/Altel белсенді орнатқан 5G желісінің үлесі мол. Бүгінде оператор 5G базалық станцияларын орнатуда көш бастап тұр. Сонымен қатар бесінші буын желісі үшін жиіліктерді пайдалану кезінде белгіленетін лицензиялық міндеттемелер жоспарынан да әлдеқайда озып кеткен. Қазір Tele2/Altel тұтынушылары Қазақстанның 18 қаласында 5G желісін пайдаланады.

"Қазақстан өзінің цифрлық трансформация стратегиясын дамыту үшін 5G технологиясын қолдануға ұмтылады. Speedtest Intelligence® деректері бұл елде 5G желісін қолдайтын тұтынушылардың айтарлықтай базасы бар екенін көрсетті. 2023 жылдың төртінші тоқсанында бүкіл ел бойынша сынақтардың 53%- дан астамы 5G-ді қолдайтын құрылғыларда өткізілген", — деп атап өтті Ookla компаниясының сарапшылары.

Осы тұста бесінші буын мобильді интернетіне көпшіліктің қызығушылығы барын түсінген Tele2/Altel нарыққа қол жетімді 5G смартфондарын ғана емес, сонымен қатар 5G роутерлерін де шығарды.

Одан бөлек, әлемдік есепте Орталық Азияның ірі қалалары арасында Алматыда 4G бойынша ең жылдам медианалық жүктеу жылдамдығы тіркелген. Қазақстанның екі ірі қаласында көрші елдердің астаналарымен салыстырғанда 4G бойынша ең жоғары медианалық жүктеу жылдамдығы бар екені көрсетілді. Ірі мегарполис Алматыда 2023 жылдың төртінші тоқсанында 4G орташа жүктеу жылдамдығын 32,32 Мбит/с-қа тіркеді және 30 Мбит/с-тан асқан жалғыз қала болды. Осы тұста Астана орташа жүктеу жылдамдығы 27,24 Мбит/с-пен көрші қалалар арасында екінші орынға ие болды. Ал көрші елдерде Бішкек, (26,59 Мбит/с), Ташкент (23,91 Мбит/с) және Душанбе (11,54 Мбит/с) көрсеткіштер тіркелген.

Нәтижені одан әрі жақсарту үшін Tele2/Altel операторы Алматыда 4G-ді қолдау үшін 3G технологиясынан толығымен бас тартатын рефарминг бағдарламасын әзірледі. Бұл қадам қызмет көрсету сапасын, сигнал жұмысының тұрақтылығын айтарлықтай жақсартуға, деректерді беру жылдамдығын және оның ғимараттарға ену деңгейін арттыруға көмектеседі. Tele2/Altel сарапшылары өздерін нарықта 4G қолдайтын смартфондардың саны ең көп оператор екенін атап өтті.

Әлемдік есепте интернеттің жоғары жылдамдығы қанша үлкен мәнге ие болса да, қызмет көрсету сапасының тұрақтылығы да негізгі көрсеткіш екені баса айтылған. Ookla ұсынған Consistency Score™ көрсеткіші тұрақты қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ететін желілерді анықтау үшін пайдаланылатын көрсеткіш. Ookla деректерінде Қазақстандағы барлық негізгі операторлардың 2022 жылғы 4 тоқсанмен салыстырғанда 2023 жылғы 4 тоқсанда Consistency Score көрсеткіші бойынша нәтижені жақсарта түскенін көрсетеді. 2023 жылдың 4 тоқсанында Tele2 барлық операторлар арасында ең жоғары Consistency Score көрсеткішінде 85,3%-ға жетті.