Тауарды дұрыс декларацияламағандарға жауапкершілік күшейтіледі

0
2 397

Бұл кеден саласындағы құқық бұзушылықтардың санын қысқартуға мүмкіндік береді.


Тауарды дұрыс декларацияламағандарға жауапкершілік күшейтіледі

ERNUR.KZ. Елімізде тауарды дұрыс декларацияламағандарға әкімшілік жауапкершілік күшейтілмек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының трансшекаралық сауданы бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмалары аясында тауарларды дұрыс декларацияламағаны үшін кеден саласындағы әкімшілік жауапкершілікті күшейту ұсынылады. Бұл кеден саласындағы құқық бұзушылықтардың санын қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар ол бюджеттің кірістер бөлігін оңтайландыру және дұрыс болжау үшін республикалық бюджетке корпоративтік табыс салығын төлеушілердің тізбесін қалыптастыру тәртібін қайта қарау бойынша Бюджет кодексіне түзетулер енгізу ұсынылатындығын айтты.