Тасжолда жалғыз қалған баланың анасы табылды

0
1 747

Әйел бес жасар баласын көліктің ішінде қалдырып кеткен.


Тасжолда жалғыз қалған баланың анасы табылды

ERNUR.KZ. Алматы облысының полицейлері тасжолда жалғыз қалған баланың анасын тапты, деп жазады Tengrinews.kz.


Тәртіп сақшылары Өзбекстаннан келген және шаруа қожалықтарының бірінде уақытша тұратын 44 жастағы әйел адамның қайда екенін анықтады. Тексеріс материалдарына сәйкес, әйел адам баласымен бірге көршілес шаруа қожалығына келіп, бес жасар баласын көліктің ішінде қалдырып кеткен.

"Бес жасар бала анасын күтпей, көліктен шығып, тасжолға шығып кеткен, біраз уақыттан кейін оны жолдың бойынша кетіп бара жатқан көлік жүргізушісі байқап қалған. Ер адам баланы видеоға түсіріп, топтарға таратқан, артынша жолдың бойындағы бір үйден анасын тауып, баласын тапсырған. Бүгінде бала анасының қасында", - делінген хабарламада.


Ювеналды полиция әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы бойынша әйелді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселесін қарастырып жатыр.
Еске салайық, бүгін қар түскен тасжолда жалғыз қалған бала табылғаны хабарланған болатын. Mazda көлігінің жүргізушісі шамамен Алматы облысы Жамбыл ауданында тасжолда тұрған белгісіз баланы тауып алып, оны видеоға түсіріп, туыстары тануы үшін Желіге жүктеді.