Тарихтағы үздік жаңажылдық фильмдер аталды

0
1 027

Көрермендерге Роберт Земекистің "Рождество тарихы" (2009) анимациялық фильмін көруге кеңес берілді.


Тарихтағы үздік жаңажылдық фильмдер аталды

ERNUR.KZ. Америкалық Fox News телеарнасы тарихтағы үздік жаңажылдық фильмдер тізімін жариялады, деп жазады Tengrinews.kz

Ең алдымен, көрермендерге Роберт Земекистің "Рождество тарихы" (2009) анимациялық фильмін көруге кеңес берілді.

Сондай-ақ, телеарна "Чарли Браунның Рождествосы" (1965) фильмін, ол Рождествоның шын мәнін білуге тырысатын кейіпкер туралы және Тим Ален түскен "Санта Клаус" (1994) фильмін ұсынады.
Тізімге Хью Грант пен Кира Найтлидің "Реальная любовь" (2003), "Гринч - похититель Рождества" (2000), "Рождественские каникулы" (1989), "Эльф" (2003), "Крепкий орешек" (1998) және "Один дома" (1990) кірді.
Бұған дейін Netflix жаңа жылға орай "Ирония судьбы, или С легким паром!" фильмінің америкалық нұсқасын шығаратыны хабарланған болатын, онда Ипполитті қытайлық актер ойнайды. Голливудтық жоба атауы "Тағдыр туралы" (About Fate). Лукашиннің рөлін "Фарго" хикаясындағы танымал Томас Манн ойнайды.