Танымал қазақстандық актер Юрий Померцанев өмірден өтті

0
594

Актермен қоштасу рәсімі өтетін орын мен күні кейінірек хабарланатыны белгілі болды.


Танымал қазақстандық актер Юрий Померцанев өмірден өтті

ERNUR.KZ Танымал қазақстандық актер Юрий Померцанев дүниеден өтті, деп жазады nur.kz

Ақпан айында ол 99 жасқа толған еді. Қаралы хабар туралы Лермонтов атындағы орыс драма театры Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Бүгін Алматыда қар жауды және біздің жүрегімізге қыс орнады... Юрий Борисович Померанцев қайтыс болды", - делінген театр хабарламасында.

Сонымен қатар, театр бұл елдегі және әлемдік мәдениеттегі орны толмас қаза екенін атап өтті. Сондай-ақ, актермен қоштасу рәсімі өтетін орын мен күні кейінірек хабарланатыны белгілі болды.
Юрий Борисович Померанцев 1923 жылы 11 ақпанда Киевте өмірге келген. 1943 жылы Алматыға келген.

Ол кеңестік және қазақстандық театр мен кино актері, режиссер, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек ері, ҚазССР Халық әртісі, көптеген наградалардың иегері. Юрий Борисович "Біздің сүйікті дәрігер" комедиясындағы дәрігер Анатолий Николаевич Лавровтың рөлінен кейін көпшіліктің ыстық ықыласына ие болған