Талдықорғандағы төбелес: Тағы 5 адам ұсталды

0
3 211

Күдіктілер 2 қаңтарда ұсталды.


Талдықорғандағы төбелес: Тағы 5 адам ұсталды

ERNUR.KZ. Полицейлер Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде Жаңа жыл түні төбелескен тағы бес қатысушыны ұстады, деп жазады baq.kz.

Күдіктілер 2 қаңтарда ұсталды.

Жалпы 8 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығының әрекеті мұқият зерттеліп жатыр. Тергеу барысында олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі, - деді Жетісу облыстық полициясының бастығы Арман Саданов.

Естеріңізге сала кетейік, 30 желтоқсанға қараған түні Талдықорғандағы ойын-сауық орындарының бірінде Жаңа жыл мерекесінің құрметіне арналған жиын төбелеске ұласқан болатын. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды.