Талдықорғанда миллиард теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу конкурсы тоқтатылды

0
520

Талдықорған қаласының прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды.


Талдықорғанда миллиард теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу конкурсы тоқтатылды

ERNUR.KZ. Жетісу өңірінде мемлекеттік сатып алу конкурстары кезінде заң бұзушылықтар анықталды, деп жазады zakon.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Талдықорған қаласының прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды.

Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан.

"Тағы бір жағдайда, құны 500 миллион теңгеден асатын қала көшелерін ағымдағы жөндеуге конкурс жарияланған кезде тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақаулы актілерді ұсынбаған", - деп мәлімдеді Жетісу облысының прокуратурасы.

Прокуратура шараларымен заң бұзушылықтарды дер кезінде алдын алып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа қатысуын қамтамасыз етті.