Табыс туралы декларацияны электронды түрде өткізу мерзімі ұзартылды

0
327

Қағаз жүзіндегі декларация 15 шілдеге дейін, электронды түрдегісін 15 қыркүйекке дейін тапсырылуы керек.


Табыс туралы декларацияны электронды түрде өткізу мерзімі ұзартылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде электрондық декларацияны қабылдау мерзімдері ұзартылды. Бұл туралы Қаржы министрлігі ақпарат таратты, деп жазады zakon.kz.

Сонымен, қағаз жүзіндегі декларация 15 шілдеге дейін, электронды түрдегісін 15 қыркүйекке дейін тапсырылуы керек.

"Бүгінгі күні жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 464 мың жеке тұлға немесе жоспарланған санның 97% -ы декларация тапсырды. Ұсынылған декларациялардың жалпы санының 99,9% - электронды түрде және 0,1% - қағаз түрінде болды", деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.

Демек, декларацияны электронды түрде қабылдау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

Оны электронды үкімет порталы, салық төлеушілер кеңсесі, сондай-ақ "e-Salyq Азамат" мобильді қосымшасы арқылы өткізуге болады.

Жалпыға бірдей декларация Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Ол кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, алдымен мемлекеттік қызметшілер, содан кейін барлық азаматтар декларация өткізуге міндеттеледі.