Сырдария өзені арнасынан асып, Қызылорда облысында жол жабылды

0
482

Жол екі аудан орталығын жалғастырады.


Сырдария өзені арнасынан асып, Қызылорда облысында жол жабылды

ERNUR.KZ. Сырдария өзеніндегі су арнадан асып жолаушылар қауіпсіздігіне байланысты облыстық маңызы бар "Жалағаш-Жосалы" бағытындағы жол уақытша жабылды, деп жазады stan.kz.

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Сырдария өзені арнасынан асып, Қармақшы ауданы Қызылтам елді мекені тұсындағы Далдабай, Қызылтам жолын су басу қаупі туындады.

“Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін облыстық маңызы бар "Жалағаш-Жосалы" бағытындағы (Жосалыдан 43, Жалағаштан бері 31 шақырым жердегі Далдабай мен Қызылтам елді мекендерінің арасы) жол уақытша жабылды. Елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ. Бүгінде жағдай бақылауға алынған”, - делінген хабарламада.

Аталған жол республикалық маңызы бар үлкен күре жол емес. Ол екі аудан орталығын жалғастырады. Сондықтан үлкен жол қатынасына кедергі келтірмейді.