Су тасқыны: ​Құлсарыдан 15 мың адам эвакуацияланды

0
862

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембаев су тасқыны Атырауда да болуы мүмкін екенін айтты.


Су тасқыны: ​Құлсарыдан 15 мың адам эвакуацияланды

Құлсары қаласынан тұрғындар әлі де эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Осы сағаттарда Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 15 000-ға жуық адам, оның ішінде 5 500-ге жуық бала эвакуацияланды.
"21 уақытша орналастыру пунктіне 1641 адам, оның ішінде 741 бала эвакуацияланды. 12000-нан астам адам туыстарының үйіне орналастырылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Маңғыстау облысы ТЖД және ЖАО күштері сыйымдылығы 83 000-нан астам адамды құрайтын 201 халықты уақытша орналастыру пункттерін дайындап қойды.
Ал облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембаев әлеуметтік желідегі парақшасында Құлсарыдағы су тасқыны Атырауда да болуы мүмкін екенін айтты.
"Атырау қаласы да бұл тағдырды қайталауы мүмкін. Су басу қаупі Орынбор, Орал қалаларынан кем болмайды деген болжам бар. Әлбетте әкімдік дайындалуда, 5 күннен бері өңірдің ең үлкен 20 құрылыс компаниясы және 6 ірі мұнай компаниялары жағаларды бекітуге, қорғау дамбаларын салуға жұмылдырылды", - деп жазды Жасұлан Бисембаев.
Оның айтуынша, қажетті материалдардың (қапшық, күрес және тб) резерві дайындалып, инертті заттар жинақталған.