Су тасқыны: 5 облыста көлік қозғалысы шектелді

0
195

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 336 адам тасқын салдарымен күресіп жатыр.


Су тасқыны: 5 облыста көлік қозғалысы шектелді

Республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолында қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

"Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолында (ұзындығы 552 км) қозғалысқа шектеу қойылды", -деп жазылған хабарламада.
22 сәуірде сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) жалпы ұзындығы 4400 метр болатын 5 жол жүру учаскесінде су тасқыны болды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 315 бірлік техника мен 336 адам жұмылдырылған.
Бөлісу