Студенттерге жатақханалардан 10 мың орын беріледі – Үкімет басшысы

0
415

Халық тығыз орналасқан өңірлердің жастарына қосымша мақсатты гранттар бөлінеді.


Студенттерге жатақханалардан 10 мың орын беріледі – Үкімет басшысы

ERNUR.KZ. Студенттерге жатақханалардан 10 мың орын беріледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады baq.kz.

Халық тығыз орналасқан өңірлердің жастарына қосымша мақсатты гранттар бөлінеді. Арнайы IT білім беру бағдарламалары шеңберінде кемінде 10 мың жас маман дайындалады, - деп айтты Премьер-министр.

Сондай-ақ студенттерге жатақханалардан жаңадан 10 мың орын беріледі.

Жетекші ғалымдарды ғылыми қызметке қатысуға ынталандыру жалақыны базалық қаржыландыруға қосу арқылы қамтамасыз етіледі. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға гранттар бөлінеді, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін 500 грант, постдокторантура мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға 1000 грант бөлінеді, - деді Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Үкімет басшысының сөзінше, басты мақсат – білім беру саласы экономикадағы кадрларға деген сұранысқа сай болуы керек.

Бұған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тарту үшін тиісті жағдайлар жасалатынын хабарлаған болатын.