Соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған

0
281

ҚР Үкіметінің 2024 жылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, тұрғын үй құрылысы көлемі 15,5 шаршы метрден 18 млн шаршы метрге дейін ұлғайды.


Соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған

ӨҚМ Қазақстандағы тұрғын үй құрылысын дамыту жөнінде жоспарларды жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2030 жылға қарай, қаржыландырудың барлық көздері есебінен 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу және 1 млн-нан астам отбасын жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

ҚР Үкіметінің 2024 жылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, тұрғын үй құрылысы көлемі 15,5 шаршы метрден 18 млн шаршы метрге дейін ұлғайды.

Биылғы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 339 млрд теңгеге 22 мыңнан астам арендалық пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, әкімдіктер 110 млрд теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы 10 мың кредиттік пәтер салады.

Еліміздегі жалпы тұрғын үй құрылысын алсақ, соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, 78,5 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша, барлық қаржыландырудың көздері есебінен 695 мың отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты.