Солтүстік Қазақстанда мектеп қабырғасындағы буллинг деректері анықталды

0
390

Мұғалімдер біле тұра тәртіп бұзушылыққа көз жұмып қараған дейді бақылау органы.


Солтүстік Қазақстанда мектеп қабырғасындағы буллинг деректері анықталды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан мектептерінде көптеген буллинг фактілері анықталды. Сонымен қатар облыстық прокуратура ұрлық, бопсалау мен бұзақылық деректері бар екенін айтты. Бір жыл ішінде балалар арасындағы тәртіп бұзушылық 72% өскен, деп жазады stan.kz.

Ол мектеп қабырғасында ғана емес, сабақтан тыс кезде де істелген. Ал мұғалімдер біле тұра тәртіп бұзушылыққа көз жұмып қараған дейді бақылау органы.

Прокуратурада кәмелет жасына толмағандардың құқығын қорғау бойынша құрылған мобильдік топтар мектеп әкімшілігі жасырып қалған 8 буллинг фактісін анықтаған, тексеру жүріп жатыр.

“Сыныптастар арасында дене жарақатын салу жүйелі болып тұрған деп ойлаймыз, себебі бұл кенет бола қоятын жағдай емес. Сонымен қатар оқушылардың информатика кабинеттерінде зорлықты насихаттап, есірткі мен қару жасауға үйрететін тыйым салынған сайттарға кіру мүмкіндігі болған ”, – деді Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.

Прокурорлардың сөзінше, мұндай жағдайда оқу орындары тәртіптік қана емес, әкімшілік жауапқа да тартылады.

“Күш көрсету әрекеттерін насихаттайтын, оның ішінде есірткі, қару жасауды үйрететін сайттар анықталды. Жүргізілген тексерістен кейін біз бұл сайттарды өшіріп тастадық”, – деп атап өтті прокурордың көмекшісі.