Солтүстік Қазақстанда 50 жылқы мұз астына түсіп кетті

0
661

Ірі қара 27 қарашадан бері табылмаған.


Солтүстік Қазақстанда 50 жылқы мұз астына түсіп кетті

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Әлжан ауылында 50 бас жылқы мұз астына түсіп, қатып қалды, деп жазады Sputnik.kz.

Ірі қара 27 қарашадан бері табылмаған.
"Іздеу шаралары кезінде Баршы өзенінен қатып қалған жылқылар табылды. Бақташы болмағандықтан ірі қара өзен үстіне жайылған болуы мүмкін. Жұқа қатқан мұз ойылып, жылқы түсіп кеткен деген болжам бар", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Бұл факт бойынша полиция мамандарына арыз-шағым түспеген. Қазір жылқылардың нақты саны тағы да анықталып жатыр.