СҚО-да қолдан граната жасаған тұрғын ұсталды

0
439

Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


СҚО-да қолдан граната жасаған тұрғын ұсталды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстанда зейнеткер қолдан граната жасаған. Полицейлер жарылғыш затты тәркіледі, деп жазады Azattyq Rýhy.

Тексеру барысында ер адамның үйінен жарылғыш құрылғылар жасауға арналған басқа да заттар, сондай-ақ патрондар мен қолдан жасалған екі граната анықталды.



Сараптама қолдан жасалған граната жарылғыш және күйдіргіш әсері бар жауынгерлік қару-жарақтарға жататынын растады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Шал ақын ауданының соты күдіктіні қамауға алуға санкция берді.