Шығыс Қазақстан облысында тау-кен байыту кешені аумағында өрт шықты

0
404

Тау-кен байыту кешені аумағына дереу өрт сөндіру қызметкерлері жетті.


Шығыс Қазақстан облысында тау-кен байыту кешені аумағында өрт шықты

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласының тау-кен байыту кешені аумағындағы цехта болған өрт сөндірілді, деп жазады kaz.inform.kz.



Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға болған жерде концентраттарды қоюландыру және сүзу учаскесінде орналасқан екі қабатты жеке цехтың шатыры өртенген.

Тау-кен байыту кешені аумағына дереу өрт сөндіру қызметкерлері жетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 35 адамы мен 7 бірлік авариялық-құтқару техникасы мен кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды.

260 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 15.48-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оттың шығу себебі анықталып жатыр.