ШҚО-да өртенген үйден 31 жастағы әйелдің денесі табылды

0
510

Алдын ала дерек бойынша оттың шығуына – төсекте жатып темекі шегу себеп болған.


ШҚО-да өртенген үйден 31 жастағы әйелдің денесі табылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында отқа оранған үйден 31 жастағы әйелдің денесі табылды, деп жазады inform.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 14 қаңтар күні Глубокое ауданы Белоусовка кентінде болған.

«Пушкин көшесінде орналасқан жер үйдеy өрт шықты. Бөлмелердің бірінде жиһаз, тұрмыстық техника мен заттар жанған. Тілсіз жау шарпыған жалпы аудан 16 шаршы метрді құрады. Барлау барысында құтқарушылар дәлізден 31 жастағы әйел адамның денесін тапты», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай жалын толықтай ауыздықталды. Алдын ала дерек бойынша оттың шығуына – төсекте жатып темекі шегу себеп болған.