ШҚО-да екі көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмды

0
376

Бірқатар сараптама тағайындалған.


ШҚО-да екі көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде жол апатынан 1 адам қаза тапты, деп жазады Kazinform.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 8 қаңтарда болған. Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 44-ші шақырымында екі көлік соқтығысты.

«Lada Granta мен Mercedes Sprinter автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан бір жолаушы сол жерде жантәсілім етті. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша КР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының адам өліміне әкеліп соғуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ақпаратта.

Бірқатар сараптама тағайындалған. Соның нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталмақ.