Шетелдік көлікті заңдастыру тәртібі өзгерді

0
598

Қаулы мәтіні Ашық үкімет порталында жарияланған.


Шетелдік көлікті заңдастыру тәртібі өзгерді

ERNUR.KZ. Биылдан бастап елімізде шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыру рәсімі жүріп жатқаны белгілі. Мемлекет ұсынып отырған айрықша жеңілдікке 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген көлік құралдары ие болады, деп жазады baq.kz.

Қаулы мәтіні Ашық үкімет порталында жарияланған.

Жақында Әкімшілік полиция комитеті 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға келген шетелдік көліктерді заңдастыру туралы қаулыға өзгеріс енгізуді ұсынды. Ол бо­йынша техникалық паспорты мен көлік құралының паспорты жоқ көліктер де заңдастырылуға жатуы мүмкін.

Қаулыны талқылау мер­зімі наурыздың 24-іне дейін. Онда техникалық пас­порты жоқ кө­лік құра­лын елге алып келген жеке тұл­ға­ның өнді­рушілердің (им­порт­тау­шылардың) кеңей­тіл­ген міндет­темесінен босатылатыны айтылған. Қазіргі уа­қыт­та шетелдік көлікті заң­дас­тыру үшін жеке басын куә­­лан­дыратын құжат, автокөліктің паспорты неме­се оны тір­кеу туралы куәлік, сондай-ақ мен­­шік құқығын растайтын құ­жат талап етіледі. Ал жаңа өз­геріс бойынша тек көлік пен тіркеу туралы куәлікті ғана қа­былдау (болған жағдайда) қарастырылып отыр.

Бұл тіркеу құжаттары жо­ғал­­ған жағдайда автокөлікті за­ң­­дастыру процедурасын же­ңіл­­­дету үшін қажет.

Сонымен қатар авторлар «конструкторлық» деп аталатын машиналарға және қосалқы бөлшектер деп әкелі­не­тін техникаға қатысты өзгері­с­тер дайындаған. Көлік құралының кедендік ресімдеуден өткені туралы мәліметтер болмаған және ол ізделмеген жағдайда бас­тапқы мемлекеттік тіркеу үшін алым мөлшерлемесін қол­да­нуға мүмкіндік беріледі. Ондай көліктер тек Қазақстан аумағында ғана пайдалануға бе­рі­летіні және олардың мен­шік иесінің өзгеруіне жол берілмейтіні баса айтылды. Мұндай көлік құралының тіркеу куәлігінде тиісті жазба бо­лады.

Еске салайық, елімізде ше­тел­­­дік тіркеудегі көліктерді заң­­дас­тыру биыл 23 қаңтарда бас­талды. Заңдастырылатын автокөліктер іздеуде жоқ, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша мемлекеттік есеп­тен шығарылған, кедендік тазар­тудан өткен бо­лу­ға тиіс (бұл талап алы­нып тасталуы мүмкін).

Көлікті заңдастыру туралы өтініш қабылданғаннан кейін көлік иесі бастапқы тіркеу алымы ретінде 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж салығын – 4313 теңге, мемлекеттік нөмір үшін баж салығын – 9660 теңге төлейді. Тіркелетін машина үшін утиль алымын төлеудің қажеті жоқ. ЕЭО елдерінен келген көлікті кедендік тазартудан өткізеді, ал қырғызстандық тех­ни­каны кедендік салық айырмасын төлегеннен кейін ғана біздің елде тіркеуге болады. Оның сомасын кез келген м­а­ман­дан­ды­рылған ХҚКО-дағы Мем­ле­кеттік тіркеу коми­те­тінің маманы есептеп береді.

Сондай-ақ көлікті қашықтан есептен шығару мүмкін емес. Бұл туралы біраз уақыт бұрын Әкімшілік полиция коми­теті басшысының міндетін атқа­ру­шы Қайсар Сұлтанбаев айт­қан болатын. Оның сөзінше, Қырғызстан мен Арменияның ресми органдары автокөлікті қашықтан есептен шығарудан бас тартқан.

Ішкі істер министрлігі ше­тел­дік автомобильдің ел аума­ғына қашан кіргенін шека­рашылар мен кеден қызме­ті­нің базасынан білетінін атап өтті. Деректер базасында машина нөмірі мен VIN-коды сақталады. Бұл үдеріс то­лық­тай автоматты жұмыс іс­тейді. Автокөлік келген уақыт туралы нақты мәлімет болмаса, мін­дет­ті сақтандыру полисі ре­сім­дел­ген уақыт қаралады.

Заңдастыру үдеріс аяқтал­ған соң автомобиль жергілікті нөмір тағады, мұндай машинаны иесі еш кедергісіз пайдалана алады.

Автокөлік заңдастыру 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жалға­са­ды.