Шапалақ үшін 12 мың теңге: Мұрат Құсайыновқа айыппұл салынды

0
1 520

Музыкант өз кінәсін толықтай мойындады.


Шапалақ үшін 12 мың теңге: Мұрат Құсайыновқа айыппұл салынды

ERNUR.KZ. «Дос-Мұқасан» тобының солисі Мұрат Құсайыновты әуежайда болған жағдайдан кейін сот айыппұл төлеуге міндеттеді, деп жазады almaty.tv.

Іс Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Мұрат Құсайыновқа 12 625 теңге (5 АЕК) көлемінде айыппұл салынды.

Сот Құсайынов әуежайда кеден қызметкерлеріне құрметсіздік көрсетіп, боғауыз сөздер айтты, осылайша ол қоғамдық тәртіпті және жекелеген адамдардың тыныштығын бұзды деген шешім шығарды.

Музыкант өз кезегінде кінәсін толықтай мойындап, айыппұлды уақытылы төлеуге келісті. Сондай-ақ, сот айыппұлды тағайындау кезінде Мұрат Құсайыновтың алғаш рет тәртіп бұзып тұрғанын ескерді.

Естеріңізге сала кетсек, жайсыз жағдай 14 сәуір күні «Эйр Астана» әуе компаниясында орын алды. Компания мәліметінше, Мұрат Құсайынов қызметкерлерге дауыс көтеріп, бейәдеп сөздер айтқан.