"Shacman" жүк көлігінің елімізде жүруіне тыйым салынатын болады

0
364

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Астана қаласының тұрғындарымен кездесуінде айтты.


ERNUR.KZ. "Shacman" секілді жүк көлігі шұрық-тесік етіп, жол сапасын құртады. Ал ақылы жолға төленетін ақша бұл шығынды өтемейді. Сондықтан бұл көлік түрін пайдалануға біздің елімізде тыйым салынады. Министрлік шектеу 2026 жылы енгізілетінін айтады, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Астана қаласының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Сондай-ақ министрдің айтуынша, алдағы уақытта елордаға кіріп-шығатын жолдардың барлығына 220 камера қойылмақ. Ол автоматты түрде техникалардың салмағын өлшейтін болады. Егер тиісті мөлшерден артық жүк болса, бірден айыппұл салынады.

"Жолдың сапасын құртатын жүк көліктерінің бірі - "Shacman". Басқа елдердің бәрінде бұл техника тек карьерде жүреді. Бізде ғана магистральды жолдарда жүруге рұқсат етілген. Шектеуді биыл қоямыз дегенбіз. Бірақ кәсіпкерлердің де жағдайын ойлаған дұрыс. Қазір елімізге дәл осы техника ағылып келіп жатыр. Батыс Қазақстан облысына барсаңыз жаңа жолдардың өзі ойылып кеткен. Ал бұл жолдарды салуға бюджеттен қыруар қаржы жұмсалды".ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев.