Семейде кәріз құдығынан екі адамның мәйіті табылды

0
481

Алдын ала мәлімет бойынша, олар құдықта жиналған газ буынан уланған.


Семейде кәріз құдығынан екі адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Семейде кәріз құдығынан газ буынан уланып көз жұмған екі ер адамның денесі табылды, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Семейде кәріз құдықтарының бірінен екі ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар құдықта жиналған газ буынан уланған», - делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға «Роща» аялдамасына жақын жерде болған.

«21 шілдеде Затон полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды және барлық мән-жайды зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Семей қалалық ПД баспасөз қызметі.