Семейде Би-2 тобының концерті өтпейді

0
511

Бұған дейін өнерпаздар Алматы және Астана қалаларының алаңдарында өнер көрсеткен болатын.


Семейде Би-2 тобының концерті өтпейді

ERNUR.KZ. Семей әкімдігі ресейлік Би-2 тобының бұған дейін жоспарланған концертінің болмайтынын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Семей қаласының әкімдігі танымал ресейлік Би-2 тобының 21 маусымға жоспарланған концерті болмайтыны туралы хабарлама таратты.

"Құрметті отандастар! Табиғи өрт кезінде орын алған қайғылы оқиғаларға байланысты, сондай-ақ облыс жұртшылығының өтініштері бойынша 21 маусымда "Арена" МКҚК жоспарланған "Би-2" ресейлік музыкалық тобының концерті болмайды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін өнерпаздар Алматы және Астана қалаларының алаңдарында өнер көрсеткен болатын. Топтың солистері Қазақстанға гастрольдік сапарға шығар алдында концерттен түскен барлық қаражатты зардап шеккен аймаққа көмектесу үшін Семейге аударатындарын мәлімдеген.

Абай ауданында 8 маусымда өрт шықты. Соңғы мәліметтер бойынша, өрт «Семей орманы» табиғи резерватының 60 мың гектардан астам орманын шарпыған. Өртті сөндіру кезінде 14 адам қаза тапты.