Сәтпаев су арнасынан екі баланың мәйіті табылды

0
922

Олардың қасында ата-аналары мен басқа да ересек адам болмаған.


Сәтпаев су арнасынан екі баланың мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Кеше кәмелетке толмаған екі бала Сәтпаев атындағы су арнасына батып кетті, деп жазады sputnik.kz.

112 пультіне кеше сағат 18.00-де Екібастұз қаласының әкімшілік бағынысындағы Байет ауылының 6 және 7-сыныптың екі оқушысы Сәтпаев арнасына бет алып, қайтып оралмағаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.
Олардың қасында ата-аналары мен басқа да ересек адам болмаған. Балалардың киімдері жағадан табылды.
Екібастұз қаласының құтқарушылары түнде бір баланың, таңертең екінші баланың денесін тапты.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жабдықталмаған су айдындарында шомылуға тыйым салынғанын ескертті.