Санжар Ташкенбай бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

0
596

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол жарыста қарсылас шақ келтірмеді.


Санжар Ташкенбай бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Польшада жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп жазады olympic.kz.

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол жарыста қарсылас шақ келтірмеді.

Финалда Санжар Ташкенбай ресейлік Роберт Бадаляны 4:1 есебімен жеңді. Айта кетерлігі, әлем чемпионатының финалында Қазақстан сапынан тағы үш спортшы жұдырықтасады.