Салық қызметкерлері қолма-қол ақшаға көшеміз деген қазақстандықтарға жауап берді

0
426

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілінің айтуынша, қазақстандықтардың жеке картасы мен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған картасы болуы қажет.қар


Салық қызметкерлері қолма-қол ақшаға көшеміз деген қазақстандықтарға жауап берді

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды бақылауға алып, қолма-қол ақшаға көшеміз деп қорқытып жүрген қазақстандықтарға жауап берді, деп жазады stan.kz.

Журналистердің "ұялы аударымдарды тексеруге байланысты қолма-қол ақшаға көшеміз деп қорқытып жүрген қазақстандықтарға не айтасыз?", - деген сұрауына қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов жауап берді.

"Олай демонстрациялаудың қажеті жоқ, бәріміз өз қоғамымызда өмір сүріп жатырмыз. Мен әйеліме, ата-анама немесе достарыма ақша аудара аламын. Ол мұндай жеке мақсаттарға қарастырылмайды. Салық тұрақты түрде төлемдер критерийіне жатпайтын, бір ғана жерден төлем алатын кәсіпкерлерге қатысты", - деді ол.

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілінің айтуынша, қазақстандықтардың жеке картасы мен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған картасы болуы қажет.

"Жеке картаға түсетін ақшалардың бәріне салық салынбайды. Егер адам кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, арнайы бизнес карта алып, соған сәйкес салықты да төлеуі керек. Салық төлемейтін адамдарға өз үлесімізді қосқанымыз дұрыс емес. Кәсіпкерлерде арнайы салық режимі бар. Тұлға оңайлатылған декларацияны тапсырса – 3 пайыз, бөлшек сауда салығы – 4 пайыз. Кейбір өңірлерде тіпті бұл пайыз төмендейді.

Мұндай кәсіпкерлердің заңға бағынуына жағдай жасалып қойған. Бұл ретте жұмысшы ретінде жалақы алатын адамдар 10 пайыз төлейді. Айта кету керек, бұл жерде адал салық төлеушілер ешнәрседен қорықпайды. Бірақ бұл жерде аударымдарды қабылдайтын кәсіпкердерге визиткасына төлем қабылдауға не кедергі деген сұрақ туындайды", - деді Қуандықов.