"Салта өзі жауап берсін": Нүкенованың ағасы Райымбек Баталов туралы айтты

0
186

Видеоның басында Салтанат ұзақ уақыт бойы өзіне қойылған сұрақтарға нақты жауап береді, ал айыпталушы сұрақтың жауабы өзіне ыңғайлы болмайынша қайталап қоя берді.


ERNUR.KZ. Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың да есімі аталған болатын. Көпшіліктің қаперінде жүрген сұраққа жәбірленуші Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді жауап беріп, нүктесін қойды, деп жазады tengrinews.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.

"Бүгін басты сот тергеуі аяқталды. Бүгін біз бейнежазбаларды қайта қарадық және мен қазір тек бір мәселені талқылап, нүктесін қойғым келеді. Өйткені бұл тақырып өте маңызды. Мен бұл туралы соңғы рет айтып отырмын деп үміттенемін. Мен қазір Линара және Райымбек Баталовтарға хейт кетіп жатқанын білемін", - деді марқұмның ағасы.

Оның айтуынша, телефоннан бейнежазбаны қараған кезде судья вилеолардың аяқ жағын ғана қойған. Видеоның басында Салтанат ұзақ уақыт бойы өзіне қойылған сұрақтарға нақты жауап береді, ал айыпталушы сұрақтың жауабы өзіне ыңғайлы болмайынша қайталап қоя берді.

"Бүгін біз сот отырысында кейбір бейнежазбаларды қайта қарауға мәжбүр болдық... Сондықтан мен мына видеоны соңғы рет көріп, дауысын соңғы рет тыңдап тұрмын деп үміттенемін. Көпшіліктің сұрағына Салта өзі жауап берсін", - деп Айтбек Амангелді видеоны қосты.

Бейнежазбада Салтанат танымал кәсіпкер Райымбек Баталовпен өзін ешнәрсе байланыстырмайтынын, араларында ешнәрсе жоғын нақты айтады.