Ринат Зайытов лауазымды қызметке тағайындалды

0
2 884

Ринат Зайытов қазір жаңа жұмыс орнымен танысып жатыр.


Ринат Зайытов лауазымды қызметке тағайындалды

ERNUR.KZ. Айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры болып тағайындалды, деп жазады sputnik.kz.

Бұл ақпаратты театрдың PR-менеджері растады.

"Бүгін Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев келіп тағайындады. Бұған дейін бұл қызметті атқарған кісі басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз өтінішімен қызметінен кетті", - деді теардың PR-менеджері.

Айтуынша, Ринат Зайытов қазір театрды аралап, жұмыс орнымен танысып жатыр.