Риддердегі ЖЭО жаңа басшысы жылу тарифін 5 жыл бойы көтермейтінін мәлімдеді

0
401

Риддердегі жылу-электр орталығының жаңа басшысы тарифке байланысты мәлімдеме жасады.


Риддердегі ЖЭО жаңа басшысы жылу тарифін 5 жыл бойы көтермейтінін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Ол ұлттық экономика министрінің жылу бағасын көтеру туралы жоспары өзі басқаратын орталыққа 5 жыл бойы қатысы болмайтынын айтты, деп жазады exk.kz.

Экономика министрі Әлібек Қуантыровтың наурыз айынан жылу тарифі қымбаттайды деген мәлімдемесі Риддерліктердің алаңдаушылығын туғызған. Себебі биылғы қыс тұрғындар үшін жеңіл болған жоқ. Жиі төтенше жағдай тіркеліп, әбден мезі болған халықты жылу орталығының жаңа басшысы сабырға шақырған. Ол министр мәлімдемесіне қарамастан, алдағы 5 жыл бойы қалада жылу тарифі қымбаттамайтының хабарлады.

"Енді Риддерде жылу мәселесінде кемшілік болмайды деп ойлаймын. Алдағы 5 жыл ішінде орталық жұмысымен қатар әлеуметтік жобаларды да жүзеге асырсам деген жоспарым бар. Сол себепті де жылу бағасы көтерілмейді", - дейді Құралбек Әбдірахманов.

Жаңа басшы жылу орталығын 24 қаңтарда сатып алған. Енді ол қалада қортқы көмір зауытын тұрғызуды көздеп отыр. Содан кіріс кірсе, орталықтағы жылу бағасына ешқандай өзгеріс болмайды деп сендірген.