Путин Қазақстаннан тауық етін сатып алуды тапсырды

0
789

Ресей нарығы құс етінің тапшылығын сезінуде.


Путин Қазақстаннан тауық етін сатып алуды тапсырды

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин 20 желтоқсанға дейін ішкі нарыққа құс етін жеткізу мен өндіріс көлемін ұлғайту бойынша ұсыныстарды күтуде, деп жазады inbusiness.kz.

Бұйрық Ресей Федерациясының үкіметіне жіберілді.

"Ішкі нарықта құс етін жеткізуді арттыруға бағытталған қосымша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша ұсыныстар енгізу, оны өндіру көлемін ұлғайту қажеттілігіне ерекше назар аудару. Ұсыным мерзімі 20 желтоқсанға дейін аяқталады", - делінген үкімет мүшелерімен кездесу қорытындысы бойынша жарияланған тапсырмалар тізімінде.

Кездесуде Путин құс етінің қымбаттауының себебіне баса назар аударып, үкіметтен жедел жауап беруді талап етті.

Осыған байланысты Ресей Президенті "Үкімет жақын көршілері: Беларусьтен, сондай-ақ, Қазақстаннан импорттауды тез арада енгізу керек" деп баса айтты.