​Полицейдің сіздің жеке куәлігіңізді өзімен бірге алып кетуіне құқығы бар ма?

0
3 543

Құқық қорғау органының қызметкерлері азаматтарды түрлі себептермен көшеде тоқтатып жатады.


​Полицейдің сіздің жеке куәлігіңізді өзімен бірге алып кетуіне құқығы бар ма?

Фото: dknews.kz

Бұл сұраққа заңгер Алексей Бажков жауап берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.


Құқық қорғау органының қызметкерлері азаматтарды түрлі себептермен көшеде тоқтатып жатады. Сол кезде жеке куәлікті сұрайтын кездер де болады.


– ҚР "Ішкі істер органдары туралы" Заңның 6-бабына сәйкес, полицейлер өз құзыреті шегінде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын және тексеру үшін қажетті өзге де құжаттарды тексеруге құқылы. Заңда жеке куәлікті алып кету құқығы қарастырылмаған. Яғни, полицей сіздің куәлігіңізді өзімен бірге алып кете алмайды, – дейді ол.