PlayStation 5 сатып алмақ болған әкімдіктің жоспары іске аспай қалды

0
465

Текелі қаласының әкімдігі PlayStation 5 және оған келетін бірнеше ойынды сатып алуға хабарлама жариялаған. Лоттың бағасы – 600 мың теңге.


PlayStation 5 сатып алмақ болған әкімдіктің жоспары іске аспай қалды

ERNUR.KZ. Текелі қаласының прокуратурасы әкімдікке PlayStation 5 ойын консолін сатып алуға рұқсат бермеді, деп жазады sputnik.kz.

Прокурорлар бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалады деген шешімге келді.
"Бұдан бөлек, ол қала халқының көңіл-күйіне кері әсер етіп, сайлау алдында БАҚ-та жағымсыз пікір туғызды", - дейді қадағалаушы органның өкілдері.
Прокуратура мемлекеттік сатып алудың күшін жойып, жергілікті билік органдарына келісімшартты бұзуға кеңес берді. Сондай-ақ, жауапты тұлғаларды тәртіптік жазаға тартуға ұсыныс енгізілді.
Айта кетері, бұған дейін Текелі қаласының әкімдігі PlayStation 5 және оған келетін бірнеше ойынды сатып алуға хабарлама жариялаған. Лоттың бағасы – 600 мың теңге.
Әкімдік ойын консолін мәдениет үйіне сатып алуды жоспарлаған. Ол жерде балалардың ойын бөлмесі ашылады. Бірақ әлеуметтік желіде әкімдікті сынаған адамдар көп болды.