Петропавлда жасөспірім ойыншық винтовкамен көшеде жүрген

0
360

Бұған дейін белгісіз біреулер 19 ақпан, дүйсенбі күні петропавлдағы бірнеше мектепке шабуылдайтынын айтып, Telegram, WhatsApp мессенджерлері арқылы жазба таратқан еді.


Петропавлда жасөспірім ойыншық винтовкамен көшеде жүрген

ERNUR.KZ. Петропавлда винтовка тәріздес зат ұстаған жасөспірім қала тұрғындарын қорқытты, деп жазады inform.kz.

Солтүтік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін «102» арнасына Петропавлда баланың қолына мылтық тәрізді затты ұстап кетіп бара жатқаны туралы хабар келіп түсті. Бірнеше минут ішінде осы жағдайды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жасөспірімді ұстады.

Полиция қызметкерлері қару-жарақ тәрізді затпен қаланы аралап жүрген кәмелетке толмаған баланы тексерді.

Баланың айтуынша, ол ойнау үшін достарының ауласына бара жатқан. Ал қолындағы зат — ойыншық мылтық болып шықты.

Тәртіп сақшылары «102» нөміріне барлық күдікті фактілер туралы хабарлауды, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде қырағылық танытуға шақырады.

Бұған дейін белгісіз біреулер 19 ақпан, дүйсенбі күні петропавлдағы бірнеше мектепке шабуылдайтынын айтып, Telegram, WhatsApp мессенджерлері арқылы жазба таратқан еді.

СҚО полициясы балаларды атамыз деп әлеуметтік желіні шулатқандарды іздестіріп жатыр.