Петропавлда салынып жатқан ЖЭО-2 құрылысы тоқтатылды

0
296

ЖЭО-2-дегі ескі құбыр өткен жылдың наурыз айында опырылып түскен болатын.


Петропавлда салынып жатқан ЖЭО-2 құрылысы тоқтатылды

ERNUR.KZ. Петропавлдағы ЖЭО-2-де былтыр опырылып құлаған құбырдың орнына жаңа құбырдың құрылысы тоқтатылды, деп жазады tengrinews.kz.

"Севказэнерго" компаниясының мәліметінше, құбырдағы ақау 8 тамызда нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын тексеру кезінде анықталған.



"Құбырдың жобалық қалыптан ауытқуы анықталды. Құбыр білігін салу бойынша жұмыстар дереу тоқтатылды", - деді компания өкілдері.

Нысанды тексергеннен кейін құбыр құрылысы жүргізіліп жатқан конустық жылжымалы қалыпта осьтен кейінге қарай ауытқығаны анықталды.

"Қазіргі уақытта жобалау ұйымы құбыр білігінің рұқсат етілген биіктігін анықтау үшін тиісті есептеулерді жүргізіп жатыр, одан әрі құрылыс жүргізуге болады. Биіктігі анықталғаннан кейін демонтаждау жұмыстары жүргізіледі", - деді компания өкілдері.

Кәсіпорын құбырдың құрылысы бойынша жұмыс тезірек қайта басталатынына уәде берді. ЖЭО-2-дегі құбырын салу бойынша мердігер ұйым "КазтеплоСПЕЦСТРОЙ" ЖШС.

Еске салайық, ЖЭО-2-дегі ескі құбыр өткен жылдың наурыз айында опырылып түскен болатын. Ол 1961 жылдан бері жұмыс істейді. Құрылымның биіктігі 150 метр, салмағы бірнеше мың тонна.

Оқиға кезінде жүргізуші жоғалып кеткен. Кәсіпорынның 38 жастағы қызметкері бір тәуліктен астам іздестірілді. Ол 22 наурызда үйінді астынан табылған. Сол күні "ЖЭО-2" ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, Петропавл қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. ЖЭО-2-де болған оқиғадан кейін құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы "Мiндеттерiне адал қарамау" бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті.