Павлодарлық полицейлер 23 жыл бұрын қызды зорлаған адамды ұстады

0
674

57 жастағы ер адам 2000 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында 17 жастағы қызды зорлаған.


Павлодарлық полицейлер 23 жыл бұрын қызды зорлаған адамды ұстады

ERNUR.KZ. Павлодарлық полицейлер 23 жыл бұрын қызды зорлаған адамды ұстады, деп жазады zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті тәртіп сақшылары Ресей Федерациясының екі азаматының орналасқан жерін анықтап ұстады. Қылмыскерлер ұзақ жылдар бойы іздеуде жүрген.

57 жастағы ер адам 2000 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында 17 жастағы қызды зорлаған, ал 69 жастағы әйел 1999 жылы Ресейде есірткі қылмысын жасаған. Осы жылдар ішінде екеуі де жасырынып, тұрғылықты жерін ауыстыра берген.

"Адамдарды іздестіру үздіксіз жүргізіледі. Жедел қызметкерлер қабылданған шаралардың нәтижесінде олардың орналасқан жерін анықтады. Қазіргі уақытта экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетін болады". Криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров