Павлодарлық депутат қылмыс жасайтын жасөспірімдерге чип салуды ұсынды (видео)

0
397

чип орнатылатын болса учаскелік полицейлер балалардың үйде бар-жоғын тексере алады.


Павлодарлық депутат қылмыс жасайтын жасөспірімдерге чип салуды ұсынды (видео)

ERNUR.KZ. Павлодарлық депутат Гүлжайна Дәрімова қылмыс жасайтын жасөспірімдерге чип салуды ұсынды, деп жазады stan.kz.

Оның айтуынша, чип орнатылатын болса учаскелік полицейлер балалардың үйде бар-жоғын тексере алады.

Депутат қылмыстық әрекет жасайтын жасөспірімдерді бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандармен салыстырды. Ол есепте тұратын балалар қауіпті болғандықтан, чиптеп, қоғамнан оқшаулау қажет екенін жеткізді. Даримова өзі де ана болғандықтан балалары үшін алаңдайтынын айтты.

"Егер олар біздің балаларымыз үшін қауіпті болса, неге үйде отырмайды? Үйде отырсын, кітап оқысын, кино көрсін, өмірді зерттесін. Оларды ата-анасы тәрбиелесін", - деді депутат.

Депутат мысал ретінде Павлодарда жасөспірімді ұрып-соғып, қорлаған балаларды атады. Оған бір топ бала түкіріп, мұрнын сындырып, жалаңаштап, кейін аяусыз ұрып соққан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда 13 жастағы жасөспірімді төрт адам аяусыз соққыға жыққаны және Павлодарда соққыға жығылған жасөспірімге өмір бойына жаттығу сертификаты тарту етілгені туралы жазған едік.