Павлодарда жоғалып кеткен екі ер адам іздестіріліп жатыр

0
880

Олар үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.


Павлодарда жоғалып кеткен екі ер адам іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Павлодарда жоғалып кеткен екі азамат іздестіріліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Vita» іздестіру тобының мәліметінше, жоғалғандардың бірі үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қала тұрғыны Назарбаев көшесіндегі үйдің бірінде тұрған. Бойы шамамен 170 сантиметр, тақырбас, сақалы бар, алдыңғы тістері жоқ және ішінде отадан кейін қалған тыртық бар. Үйінен қара күртеше, қара джоггер, қара кепка, қара-көк аяқ киіммен шығып кеткен.

«Екінші жоғалған адам 14 қазаннан бері жақындарына хабарласпаған. Бойы шамамен – 165 сантиметр. Көздері қоңыр, қара және бұйра шашты, мұрты бар болуы мүмкін», – дейді еріктілер әлеуметтік желіде.

Еріктілер жоғалған адамдар жайлы ақпарат болса, +7 (747) 615 55 63 немесе +7(777) 334 82 01 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.