Павлодарда полицейлер "граната жармақ болған" 47 жастағы ер адамды ұстады

0
519

Пәтерде мас адам ұрыс шығарып, "гранатаны жарып жіберемін" деп айқайлаған.


Павлодарда полицейлер

ERNUR.KZ. Павлодарда полицейлер "граната жармақ болған" 47 жастағы ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр, деп жазады zakon.kz.

Polisia.kz мәліметінше, сағат 11:30-да қалалық полицияға отбасылық жанжал туралы қоңырау түсті. Пәтерде мас адам ұрыс шығарып, "гранатаны жарып жіберемін" деп айқайлаған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны сабырға шақырып, сөйлесе бастаған. Осы сәтті пайдаланған полицейлердің бірі гранатаны ер адамның қолынан жұлып алып, оны залалсыздандырған.
"Барлық арнайы қызметтер оқиға туралы хабардар етілді. Үй тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді", - деп мәлімдеді полициядағылар.