Павлодар облысында руда опырылып, екі адам ауруханаға түсті

0
457

32 және 27 жастағы ер адамдар Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды.


Павлодар облысында руда опырылып, екі адам ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Жазатайым оқиға Майқайың ауылындағы акционерлік қоғам аумағында орын алған, деп жазады pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қыркүйек күні сағат 10.50-де жерасты шахтасында тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде белгісіз себептермен руда опырылып түскен.

"Салдарынан аталған акционерлік қоғамның екі жұмысшысы дене жарақатын алған. 32 және 27 жастағы ер адамдар Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды", - деді департаментте.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 32 жастағы ер адамның жағдайы орташа тұрақты, травматология бөліміне жатқызылғанын хабарлады. Екінші адам реанимация және қарқынды терапия бөліміне түскен. Бүгін жағдайы оңалғаннан кейін травматология бөліміне ауыстырылған, жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.