Павлодар облысында құтырма жұқтыру деректері тіркелді

0
478

Қауіпті инфекцияны анықтау мақсатында 40 үй жануары тексерілген.


Павлодар облысында құтырма жұқтыру деректері тіркелді

ERNUR.KZ. Павлодар облысында құтырма жұқтырудың жеті дерегі тіркелді, деп жазады baq.kz.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Дощанованың хабарлауынша, қауіпті инфекцияны анықтау мақсатында 40 үй жануары тексерілген. Нәтижесінде ауру төрт ит пен үш сиыр тіркелді.

Облыстың ветеринарлық қызметінің мәліметтері бойынша құтырма жұқтыруды анықтау үшін 43 патологиялық материал тапсырылды. Нәтижесінде үй жануарлары арасында зертханалық деңгейде дерттің жеті ошағы табылды. Мәселен, Желещин ауданында құтырма үш жануарда расталды. Ертіс, Ақтоғай және Май аудандарында да бір деректен тіркелді, - дейді Зәмзәгүл Дощанова.

Жыл басынан бері ит қапқан немесе тырнап алған 1100-ден астам тұрғын дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Оларға терапиялық екпе салынды.

Құтырмаға қарсы бес рет екпе салынатыны белгілі. Біріншісі жануар тістеген күні, кейін үшінші, жетінші, 14-ші және 28-ші күндері қойылады. Жануардан зардап шеккен адамда 10 күн өткен соң ауру белгілері анықталмаса, вакциналау тоқтатылады. Жануар тістеп алған кезде жарақат орнын сабындалған жылы сумен жуып, дереу жарақат бөліміне барған жөн, - дейді маман.

Айта кетейік, облыста жыл басынан бері бруцеллез жұқтырудың 23 және денге безгегі тіркелген. Денге ауруы шетелден әкелінген болып шықты. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Мамандар жазғы демалысқа саяхатқа бармас бұрын алдын алу шараларын ұмытпауды еске салады.