Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ресми тіркеуге алынады

0
462

Өзін-өзі еңбекпен қамтушылар жұмыс табуға мүмкіндік алса, мемлекет салық түсімдерінің игілігін көреді.


Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ресми тіркеуге алынады

ERNUR.KZ. Енді өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ресми тіркеуге алынып, салық төлейді, деп жазады 24.kz.

Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мобильді қосымшаны іске қоспақ. Платформа тапсырыс беруші мен қабылдаушының бірін-бірі іздеп табуына мүмкіндік береді.

Әрі арадағы келісімді ресми тіркейді. Бұл екі жаққа да тиімді.

Өзін-өзі еңбекпен қамтушылар жұмыс табуға мүмкіндік алса, мемлекет салық түсімдерінің игілігін көреді. Азаматтарды ынталандыру үшін салықтық жеңілдіктер жасалады. Қосымша жыл соңына дейін іске қосылады.