"Өзенмұнайгаз" ғимаратының алдында екі адам қарнын жарып тастады

0
368

Бір топ адам компанияға жұмысқа орналасуды талап етіп, "Өзенмұнайгаз" АҚ ғимаратының алдына жиналған.


ERNUR.KZ. Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаздан" жұмыс сұрап барған екі ер адам қызметке орналаса алмағаннан кейін өздеріне пышақ тығып алған, деп жазады tengrinews.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 9 маусым күні сағат 15.00-де бір топ адам компанияға жұмысқа орналасуды талап етіп, "Өзенмұнайгаз" АҚ ғимаратының алдына жиналған.

"Жұмысқа орналаса алмаған екеуі - азамат С.К. және азамат С.Т. (бұрын сотталған) іштің алдыңғы қабырғасы мен білек аймағына пышақпен жарақаттар салып, екеуі де қалалық ауруханаға жатқызылды", - делінген ақпаратта.
Олардың өміріне қауіп жоқ. Ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың бірі ауруханаға жатудан бас тартып, ғимараттан шығып кеткен.

Ер адамдар бұрын оқудан өтіп, 1 маусымда жеке компанияға 250 мың теңге жалақымен жұмысқа орналасқан.

"Оларға мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдау алгоритмге сәйкес, жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылатыны бірнеше рет түсіндірілді. Алгоритмді бұзу, кезексіз жұмысқа орналастыру басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге әділетсіздікке әкеп соғады"- делінген хабарламада.