Өзбекстанда балалардың өмірін жалмаған «Док-1 Макс» препараты Қазақстанда сатылмайды

0
2 320

Соңғы 4 жылда құрамында этиленгликольдің мөлшері жоғары 10 дәрілік препарат тіркеуден бас тартылып, елге кіргізілмеді.


Өзбекстанда балалардың өмірін жалмаған «Док-1 Макс» препараты Қазақстанда сатылмайды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда 65 баланың өмірін қиған «Док-1 Макс» препараты Қазақстанда сатылмайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазақстандағы ірі дәріхана желілері мен дәрілік заттар дистрибьюторларының ресми деректері бойынша бұл препарат жоқ және республика бойынша сатылмайды», деп мәлімдеді ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті.

Айта кету керек, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес, мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік зат нарыққа жіберілмейді. Тіркелер алдында дәрілік заттар мен олардың құрамына кіретін белсенді және қосалқы заттардың, буып-түю материалдарының сапасы мұқият тексеріледі.

Соңғы 4 жылда құрамында этиленгликольдің мөлшері жоғары 10 дәрілік препарат тіркеуден бас тартылып, елге кіргізілмеді.

ДОК-1 МАКС республика аумағында анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда «Док-1 Макс» препаратының кесірінен 65 баланың көз жұмуына қатысты іс бойынша сот басталды.