Өз қызын сатқан қазақстандық әйел Кореяда ұсталды

0
570

Оңтүстік Кореядан депортацияланған, Қазақстанға келгеннен кейін оны Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына қамады.


Өз қызын сатқан қазақстандық әйел Кореяда ұсталды

Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросы оңтүстіккореялық әріптестермен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандарды саудалап, жалған құжат жасағаны үшін іздеуде жүрген 39 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұған дейін әйел қыз туып, оның құжаттарын қолдан жасап, биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз операция жасаған. Осыған байланысты фигурантқа халықаралық іздеу жарияланды", - делінген хабарламада.

Оңтүстік Кореядан депортацияланған, Қазақстанға келгеннен кейін оны Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына қамады.